Жаңалықтар

20 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ (видео)

Атырау, Caspian News.

938 млн теңге. Осынша қаржыға биыл Атырауда 20 көпқабатты үй терможаңғыртудан өтеді. Келесі жылы тағы да 20 үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды жасақтау жоспарда бар,-дейді Атырау қалалық Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиев. Биыл 217 млн теңгеге 9 үй терможаңғыртудан өткізіліпті. Оның үшеуінде күрделі жөндеу жұмыстары жасалса, өзгелерінде жеделсатылар ауыстырылған. Сондай-ақ, 213 млн теңге көлеміндегі қайтарым ақшадан Авангард ықшам ауданында үш және Азаттық даңғылындағы бір көп қабатты үйге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үй инспекциясының өкілдері атыраулықтардан өз үйлерін күтіп ұстауды сұрап отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *