Индонезиядағы жағалауда құлаған Lion Air ұшағының бортында 189 адам болған, олардың арасында 181 жолаушы, олардың үшеуі бала және экипаждың төрт мүшесі болыпты, — деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
Ұшақ радардан жоғалып, жағалауға құлар алдында әуежайға қайта оралу туралы сұрау жолдаған, бұл туралы Синьхуа агенттігі көлік министрлігінің өкілі Бамбанг Эрванға (Bambang Ervan) сілтеме жасап хабарлады.
Serpihan pesawat Lion Air JT 610 yang jatuh di perairan Karawang. Beberapa kapal tug boad membantu menangani evakuasi. Video diambil petugas tug boad yang ada di perairan Karawang. pic.twitter.com/4GhKcRYkpG
— Sutopo Purwo Nugroho (@Sutopo_PN) October 29, 2018
«Ұшақ радардан жоғалмай тұрып әуедиспетчерлік қызметтен базаға оралу туралы сұраған», — деп мәлімдеді Эрван агенттікке.
Lion Air бюджеттік әуе компаниясының Boeing 737 MAX лайнері Джакартадан Суматра аралына жергілікті уақыт бойынша сағат 06.20-да (Астана уақытымен сағат 05.20-да) ұшып шығып, 06.33-те (Астана уақыты бойынша сағат 05.33-те) жоғалып кеткен. Батыс Яваның жағалауындағы теңізде ұшақ қалдықтары жатқаны туралы алғашқы хабарлама теңізшілерден сағат 06.45-те (Астана уақытымен 05.45-те) келіп түскен.