Жаңалықтар

100-ДЕН АСТАМ ҮЙ ЖАНЫП КЕТТІ

 

Атырауда 100- ден астам үй өртеніп кетті. Оның салдарынан 12 адам қаза тауып, 8 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған. Мұндай мәлімет төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өткізген баспасөз конференциясы кезінде белгілі болды. Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы, қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы басты себеп болған. Сондай-ақ, Атырау өңіріндегі көптеген елдімекендердегі өртке қарсы бекеттің мүлде жоқ болуы да сөз болды. Құтқарушыларға сенсек, қауіп бола қалса қайран қыла алмай қалатын мұндай елдімекендердің саны жиырмадан асып жығылатын көрінеді.

Жасболат ОСПАНҰЛЫ , Атырау облыстық ТЖД басқарма бастығы:

— Бұл бағытта 2017 жылы Облыс әкімімен бекітілді. 2018-2020 жылдар аралығында 21 елді мекеннің барлығында бірдей өрт бекеттері құрылуы керек. Биылғы жылы бесеу, келесі жылы алтау, онан кейінгі жылы алтау. Сөйтіп бәрі жылға бөлінген. Біз өз тарапымыздан үш машина бердік, өрт бекеттерін құруға. Қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, жылдың аяғына дейін ашылу керек.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *