Солтүстік Каспий жобасы операторының эмиссияға рұқсат ала алмай қалуы себепті 1 қарашадан бастап Қашағандағы жұмыс толығымен тоқтауы мүмкін. Мұны «Нефть и газ Казахстана» Telegram-арнасы хабарлады. Осы саланың тыныс-тіршілігін жақсы білетін дереккөздің сөзінше НКОК компаниясының басшылығы қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығаруға, орналастыруға рұқсат алар кезде үлкен проблемаға тап болуы әдбен мүмкін.
«Аталған рұқсатты Экологиялық реттеу және бақылау комитеті береді. Бұл жағдай NCOC-ты 2,3 трлн теңге экологиялық айыппұл төлеуге мәжбүрлемек болып жүрген Экология министрлігінің Қашаған консорциумы акционерлеріне қарсы шабуылының бір бөлігі болуы мүмкін. Еске салайық, компания сот шешімі бойынша айыппұлдың айтарлықтай бөлігін төлемейтін болған еді. Алайда мемлекеттік орган сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Ол бойынша іс биыл қыркүйекте басталды», — деп хабарлайды «Нефть и газ Казахстана» Telegram-арнасы.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0