Әлем жаңалықтары

📢🌎ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 25.01.2024Ж.

🌎БҰҰ ПАЛЕСТИНА МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты барлық мүше мемлекеттердің қатысуымен өткен кеңейтілген отырысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш кез-келген тараптың екі мемлекет туралы шешім қабылдаудан бас тартуы үзілді-кесілді қабылданбауы керектігін айтты, деп жазады Америка дауысы.
🌎ХУСИТТЕР БҰҰ ҰЙЫМЫНЫҢ ҰШАҒЫНЫҢ ҚОНУЫНА ЖОЛ БЕРМЕДІ
Йемендік бүлікшіл «Ансар Аллах» қозғалысының хуситтері БҰҰ ұшағының Йеменнің шығысындағы Мариб провинциясының әуежайына қонуына жол бермеді. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
🌎СОЛТҮСТІК КОРЕЯ ЗЫМЫРАННЫҢ ЖАҢА ТҮРІН СЫНАҚТАН ӨТКІЗДІ
24 қаңтарда Солтүстік Корея әзірленіп жатқан Пулхвасар-3-31 стратегиялық қанатты зымыранының жаңа түрін алғаш рет сынақтан өткізді.
🌎АРГЕНТИНАЛЫҚТАР НАРАЗЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ШЫҒУДА
Он мыңдаған аргентиналық азамат ел президенті Хавьер Милейдің реформаларына қарсы наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды
Елдегі ең ірі кәсіподақ ұйымы CGT 24 қаңтарға жалпыұлттық ереуіл жариялады. Буэнос-Айрес пен басқа да қалаларда халық көп жиналды.
🌎УКРАИН ҚЫЗЫ «ЖАПОНИЯ АРУЫ» АТАҒЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
«Жапония аруы-2024» байқауының жеңімпазы Украинаның Тернополь қаласының тумасы Каролина Сиино болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
👉🏻 ТОЛЫҒЫРАҚ 👈🏻

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *