Әлем жаңалықтары

📢🌍ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 20.02.2024Ж.

🌍ИЗРАИЛЬ ХАМАСҚА ШАРТ ҚОЙДЫ
Рамазанға дейін ХАМАС кепілге алынғандары қайтармаса, Израиль күштері Рафахтағы әскери операцияларын кеңейтеді. Бұл туралы ВВС хабарлады.

🌍АРГЕНТИНАДА КЕДЕЙЛІК ШЕГІ АРТУДА
Қаңтарда Аргентинада кедейшілік деңгейі күрт өсіп, 57,4%-ға жетті, бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

🌍ЖАПОНИЯ ОРБИТАҒА АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН ЖЕРСЕРІК ҰШЫРАДЫ
Жапон ғалымдары әлемдегі дәстүрлі ғарыш аппараттарынан ерекше, миниатюралық ағаш спутникті жасап шығарды. АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, LignoSat зондының атауын алған туынды магнолия ағашынан жасалған.

🌍ЕУРООДАҚ ЕЛДЕРІ ГАЗАДАҒЫ АТЫСТЫ ТОҚТАТУДЫ СҰРАУДА
Венгриядан басқа Еуропалық Одақтың барлық елдері бірігіп Газа секторындағы атысты тоқтатуға шақырды және Израильден Рафахқа жоспарлаған шабуылын бастамауды сұрады, деп жазады Euronews.

🌍БРАЗИЛИЯ ИЗРАИЛЬДЕГІ ЕЛШІСІН ШАҚЫРЫП АЛДЫ
Израиль президент Луис Инасио Лула да Силваны «персона нон грата» деп жариялағаннан кейін Бразилия Тель-Авивтегі елшісін «консультациялар үшін» кері шақырып алды, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.

👉🏻ТОЛЫҒЫРАҚ 👈🏻

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *