Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ӨЛКЕТАНУШЫЛАР КЛУБЫ БЕЛГІЛІ ТҰЛҒАНЫҢ ҰРПАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Исатай ауданында Нарын өңірінің тумасы мешіт, медресе ашқан ұстаз, өз заманында айналасына шипалы емші болған Жұбан Жүрдібекұлының дүниеден өткеніне 100 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Іс-шараны Исатай аудандық музейі «Мирас» өлкетанушылар клубымен бірігіп ұйымдастырды. Жұбан молда туралы естелік әңгімелер айтылып, бейнеролик көрсетілді. Еске алу кешін ұйымдастырушыларға рахмет айтқан ұрпақтары «Жұбан молда» кітабын музейге, кітапханаға естелікке табыстады. Ал аудандық музей мен «Мирас» өлкетанушылар клубы атынан Жұбан ата ұрпақтарына ризашылық хат ұсынып, Исатай ауданының 90 жылдығына орай шығарылған кітап сыйлады.
Толығырақ https://fb.watch/k-RHSP3QGv/

Оқи отырыңыз...

БИЫЛ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШІН ЖЕР ТЕЛІМІ БЕРІЛМЕЙДІ

«ПРОИЗВОДСТВО НЕФТЕПРОДУКТОВ МОЖЕТ СНИЗИТЬСЯ НА 5-10%, ЕСЛИ НЕ УСТРАНИТЬ НЕИСПРАВНОСТЬ НА УЗК» — ЭКСПЕРТ

ОН БЕС МЫҢ — ОНЛАЙНМЕН