Жаңалықтар

Атыраулықтар короновирустан сақтану шараларына кірісті

Атыраулықтар короновирустан сақтану шараларына кірісті.

Тұрғындарды тасымалдайтын қоғамдық көліктер дезинфекция жұмыстарын бастады. Олар арнайы антисептикалық сұйықтықты пайдалана отырып, әр рейс сайын көлік ішін зарарсыздандырып отырады. Аталған тазалық жұмыстарына әр көліктің жолсерігі жауапты. Оларға арнайы ыдыс, қолғап және хлор ерітіндісі беріліпті.

Мұндай санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар тек автобустарда ғана емес, сонымен қатар базар, сауда орындары секілді адам көп жиналатын жерлерде де күшейтілген режимде жүргізіліп отырады, — дейді мамандар.Соңғы мәліметтерге сәйкес, облыста вирус жұқтырғандар тіркелмеген. Оның алдын алу мақсатында жекелеген кәсіпорындар мен шетелдік компанияларда да тиісті шаралар қолға алынып жатқан көрінеді.

Облыстағы жағдай бірқалыпты және үнемі бақылауда, — дейді мамандар. Ең бастысы қолды үнемі жуу, маска пайдалану, имунитетті нығайту және адам көп шоғырланған жерлерге барудан бас тарту секілді ережелерді сақтау керек, — дейді олар.

Жанаргүл Бисенова, Айбек Жаңай, КН

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *