Жаңалықтар

ӨЗ ТЕҢІН ӨЗГЕ ҰЛТТАН ТАПҚАН

Өзге ұл өкілдерімен көңіл жарастырған атыраулықтардың саны артып келеді. Солардың бірі – Әлқуат Ниязов. Кәріс ұлтының қызын жар етіп алған ол қазір екі қыз бен бір ұлдың әкесі. Айтуынша, алғашқы кезде ата-анасының тарапынан қарсылық болғанымен, қазір олар бақытты ғұмыр кешуде. «Әйелім ұлттық салт-дәстүрдің бәрін ұстанады, ал балаларымды қазақша тәрбиелеймін» дейді отағасы.

Ал отанасы бастапқыда сәл қиналған көрінеді. «Бала кезімнен қазақтардың ортасында өсіп, қазақша жақсы түсінсем де, келіндік міндеттің орны бөлек болады екен» дейді ол.

Биыл өңірдегі өзге ұлт өкілдерімен шаңырақ құрғандардың саны 130-дан асқан. Мұндай жағдайлар көбінде бір ұжымда әріптес болғандардың арасында орын алады екен.

Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш жыл сайын артуда. Есесіне олардың арасындағы ажырасу көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда азайыпты.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *