Құрманғазы аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Оқиға 30-қазаннан 31-қазанға қараған түні болған. Қазір полиция қылмыстық кодекстің 105-бабы, яғни «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Бейресми дерекке сүйенсек, 36 жастағы бөлім басшысы үйінде аңшы қаруымен өзін-өзі атқан. Құрманғазы ауданының әкімдігі көз жұмған азаматтың 29-31 қазан аралығында отбасы жағдайына байланысты жалақысыз еңбек демалысында болғанын растады. Марқұм 2023 жылдан бері бөлімге жетекшілік еткен. Оған дейін де мемлекетік қызметте жұмыс істеген.
What is your reaction?
                      
                    Excited        
                
                                0
            
                                        Happy
                
                                0
            
                                        In Love
                
                                0
            
                                        Not Sure
                
                                0
            
                                        Silly
                
                                0
             
                                                
                     
                                        






