Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚҰРМАНҒАЗЫДА БӨЛІМ БАСШЫСЫ ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ

Құрманғазы аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Оқиға 30-қазаннан 31-қазанға қараған түні болған. Қазір полиция қылмыстық кодекстің 105-бабы, яғни «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Бейресми дерекке сүйенсек, 36 жастағы бөлім басшысы үйінде аңшы қаруымен өзін-өзі атқан.  Құрманғазы ауданының әкімдігі көз жұмған азаматтың 29-31 қазан аралығында отбасы жағдайына байланысты жалақысыз еңбек демалысында болғанын растады. Марқұм 2023 жылдан бері бөлімге жетекшілік еткен. Оған дейін де мемлекетік қызметте жұмыс істеген.

Оқи отырыңыз...

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА ДОСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ НЫҒАЙТУДЫ МАҚСАТ ЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН БИЫЛ КАСПИЙДЕ 18 МИЛЛИОН ТОННАДАН АСТАМ МҰНАЙ ӨНДІРЕДІ

ЯРМАРКА ВАКАНСИЙ КО ДНЮ ТРУДА ПРОШЛА В АКТАУ