Жаңалықтар

ҚЫЗУ ҚАНДЫ БРАКОНЬЕРЛЕР

Заңсыз балық аулаған 4 атыраулық ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада броконьерлер заң бұзғандарымен қоймай, балық қорғау инспекциясы қызметкерлеріне қарсылық көрсеткендігі байқалады. Күдіктілердің бірі ашуланғаннан, мотоциклін өртеп жіберген. Оқиға 14 сәуір күні түске таман Еркін қала маңындағы Жайық өзені жағасында орын алған. Кадрдан қайық пен шашылған балықтарды көруге болады. Енді заң бұзғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Гүлназира МҰХТАРОВА, облыстық ПД ресми өкілі
-Полиция департаменті қызметкерлері әлеуметтік желілерде таратылған бейне жазбадағы балық қорғау инспекциясы қызметкерлеріне бағынбаған белгісіз азаматтарды анықтады. Сотқа дейін тергеу ҚК екі бірдей бабы бойынша «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын заңсыз алу» және «Билік өкіліне бағынбау» бойынша жүргізілуде.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *