Жаңалықтар

Қызметкерінен пара алған директор тергеуге алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» РМК «Балқаш» филиалының директоры пара алу күдігіне ілікті.

Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв« ШЖҚ РМК «Балқаш« филиалының директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ол жұмыс бабында жалпы қамқорлығы үшін бағынышты қызметкерден пара алу күдігіне ілігіп отыр. Күдіктінің кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады. ҚазАқпарат ескертпесі: ШЖҚ РМК – шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын.


What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *