Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қол қойған қаулыға сәйкес, жеті күн ішінде вирустың таралу көрсеткіші жеті пайыздан аспаған аймақтарда медициналық орталықтар, азық-түлік базарлары, аумағы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендері, құрылыс дүкендері, сұлулық салондары мен басқа да нысандар ашылады. Алайда Атырау облысындағы жағдай әлі де айтылмай тұр. Жан-жақта таралған бейресми ақпараттарды қоспағанда. Өңірлік коммуникациялар қызметінің жариялаған қаулысы да облыстың бас санитарлық дәрігерімен мақұлданбаған. Бір анығы – карантиннің ұзартылатындығы. Бейресми ақпараттарда мамырдың 25-не дейін жалғасады делінгенімен, ол да расталмай тұр. Өкінішке қарай, облыстағы жедел штабтың күнделікті жариялаған деректеріне қарап, соңғы аптада өңірдегі вирус жұқтырғандардың көрсеткіші жеті пайыздан асқанын аңғаруға болады. Ал әрі қарайғы шешім облыстың бас санитарлық дәрігерінің құзырында.
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0