Жаңалықтар

ҚАРАҚШЫЛАРДАН ҚҰТҚАРДЫ

55/46 әскери бөлімінің жауынгерлері азаматшаны құтқарып қалды. Оқиға «вокзал маңы» ықшам ауданында орын алған. Суық қаруланған үш жігіт әйелді қараңғы қиылыстардың бірінде қоршауға алып, оны тонамақ болған. Алайда оңай олжаға кенелгісі келгендердің ойындағысы орындалмады. Сол маңда түнгі кезекшілікте жүрген Ұлттық Ұланның сарбаздары: Айбек Еркінбек, Бейбарыс Әбілқасым, Ерғазы Нұрғабыл үш күдіктінің әрекетін байқап қалып, көмекке ұмтылған. Әскерилерді көріп, қаша жөнелген көше бұзақылары тұрғын үйлердің бірінің ауласына тығылып, бой тасаламақ болыпты. Бірақ, алысқа ұзамай, қолға түсіп, олардың бірінің қалтасынан азаматшадан алынған 220 мың теңге ақша табылды. Оңай қолға түскісі келмеген үш бозбала жауынгерлерге қарсылық көрсетіп, суық қару жұмсамақ та болған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *