Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкір Кейкін қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды


Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша аяқтаған.


1993-2008 жылдары Жылыой ауданында әр түрлі салаларда басшылық лауазымдарды атқарған. 2008-2009 жылдары Жылыой ауданы, Қосшағыл селолық округінің әкімі,
2009-2018 жылдары Жылыой ауданы, Құлсары қаласы әкімі болып еңбек еткен.
2018 жылдың қазан айының 23 нен бастап күні бүгінгі күнге дейін Атырау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімін басқарған.


2019 жылдың 26 ақпанынан бастап Атырау қаласы әкімінің орынбасары.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *