Жаңалықтар

ҚАЛАНЫҢ БАС СӘУЛЕТШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (видео)

Атырау, Caspian News.

Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке осы уақытқа дейін қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған Ерлан Қабденов келді.

Ерлан Қабденов 2003 жылы Батыс Қазақстан интститутын «Экономика және менеджмент», ал 2012 жылы Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. Құрылыс саласында әртүрлі лауазымда болған ол мемлекеттік қызметте 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Айта кетсек, түрлі жылдарда Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің, Астана қаласындағы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бас маман, сонымен қатар, ҚР өңірлік даму министрлігінің бас сарапшысы секілді қызметтерді атқарған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *