Атырау, Caspian News.
Қаладағы Құрманғазы мәдениет сарайында Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының жастар жылына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты ғылыми-зерттеу жәрмеңкесі және оқу-тәрбие процесіндегі жетістіктерге арналған шығармашылық кеші өтті. Мұндай шара осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Келушілерге әуелі дарынды оқушылардың өз қолдарынан шыққан бұйымдары таныстырылып, сыртына әр ауданның аты жазылған зымырандар ұшырылды.
