Жаңалықтар

Қазақстанда 114 адам жұмыста қаза тапқан

Қазақстанда мыңнан аса адам жұмыста жарақат алып, оның 114 жағдайы қайғылы оқиғамен аяқталған. Бұл туралы ҚРКФ Әлеуметтік-экономикалық мәселелер және әлеуметтік әріптестік жөніндегі комитет төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мәлімдеді, — деп хабарлайды AltayNews.

«Атамекен» ҰКП Жұмыс берушілер конфедерациясымен бірігіп, еңбек нарығы саласындағы алдын алу мәдениетін көтеруге арналған республикалық акция жариялаған. Еңбек қақтығыстарының алдын алу мақсатында заңның орындалуына қоғамдық бақылауды күшейтіп, Жоғарғы соттың татуласу орталықтарын ашуы үшін федерация мен «Нұр Отан» партиясы арасында өзара әрекеттестік жайлы меморандумға қол қойылған.  Дәулеталиннің айтуынша, кәсіподақтар жұмыс істейтін кәсіпорындарда 95 жағдайда ұжымдық келісімшарттар жасалған. Онда барлық қаржы және экономикалық льготалар жазылған. Жалпы Қазақстанда 70 мың келісімшарт жасалған.  «Жұмыс берушінің барлығы мұндай келісімшарттардың қажеттілігін түсіне бермейді, бірақ бұл көпшілік мәселені шешуге мүмкіндік береді. Себебі жұмысшы мен жұмыс беруші бір қайықта, олардың мүддесі де бір — табыс табу», — деді Дәулеталин.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *