Жаңалықтар

Экс-басшыға қатысты сот жалғасуда (видео)

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Маншүк Аймурзиеваға қатысты сот отырысы жалғауда.

Бүгінгі процесте прокурор Аймурзиеваға 5 500 000 теңге айыппұл салып, медициналық мекемелерде басшылық қызмет ету құқығынан 3 жылға айыруды сұрады. Еске салайық, Аймурзиеваға «өзіне жүктелген міндетті атқарған кезде салғырттық танытты» деген айып тағылған болатын.

Мемлекеттік айыптаушының мұндай уәжіне қатысты Мәншүк Аймурзиева өзінің пікірін білдірді. Ол 2017 жылы қызметке тағайындалғанда аймақтағы медицина саласының сын көтермейтіндей жағдайда болғандығын, кейін көрсеткіштердің жақсара бастағанын айтты. Тек ана мен бала өлімін азайту үшін әлі де жұмыстану керек болатын, бірақ, оны толықтай қолға алып үлгермедім, — деді Аймурзиева.

Аймурзиеваның айтуынша, басқармадағы мамандардың жетіспеушілігі де жағдайдың осылай болуына алып келген. Сөзінің соңында облыстың бұрынғы бас дәрігері айыппұлдың мөлшерін азайтуды, жеке медициналық ұйымдарда еңбек ету құқығынан айырмауды сұрады. Және зейнет демалысына шығуына бір жыл қалғандығын да айта кетті.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Маншүк Аймурзиеваға қатысты сот отырысы жалғауда. Оған өзіне жүктелген міндетті атқарған кезде салғырттық танытты деген айып тағылған болатын.

Мемлекеттік айыптаушының мұндай уәжіне қатысты Мәншүк Аймурзиева өзінің пікірін білдірді. Ол 2017 жылы қызметке тағайындалғанда аймақтағы медицина саласының сын көтермейтіндей жағдайда болғандығын, кейін көрсеткіштердің жақсара бастағанын айтты. Тек ана мен бала өлімін азайту үшін әлі де жұмыстану керек болатын, бірақ, оны толықтай қолға алып үлгермедім, — деді Аймурзиева.

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы бас дәрігерге 5 млн.500 мың теңге айыппұл мен 3 жылға дейін медициналық мекемелерде қызмет ету құқығынан айыруды сұрады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *