Жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗИЯНКЕСТЕР

Аймақ экологиясын ластаудан облыстағы мұнай-газ компаниялары көш бастап тұр. Атырау облысы прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде тек «Ембімұнайгаз» АҚ кәсіпорнындағы алау қондырғыларының өзінен жоғары мөлшерлі күкірттен тұратын бір миллион үш жүз текше метр газдың жағылғаны анықталды. Нәтижесінде компания қоршаған ортаға келтірілген залал үшін 250 млн теңге көлемінде айыппұл төлеген. Одан бөлек зиянды қалдықтарды сыртқы ортаға рұқсатсыз шығарғаны үшін KMG Nabors Drilling Company ЖШС-не  салынған айыппұлдың көлемі 153 миллион теңгеден асты.

Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Атырау облысы прокурорының орынбасары

Аймақ ерекшеліктерін ескере отырып, Атырау облысының прокуратурасы халықтың денсаулығына, атап айтқанда атмосфералық ауаның тазалығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Бүгін де аталған бағыт бойынша тиісті жұмыстар өз жалғасын табуда. Прокуратура органдары ауа тазалығын тұрақты бақылауда ұстап отыру үшін жұмыстанатын болады. 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *