Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

МАУСЫМДАҒЫ АУА РАЙЫ

Биылғы жаз ерекше ыстық болады, — дейді синоптиктер. Маусымның алғашқы декадасында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Алайда айдың орта тұсынан бастап термометр көрсеткіші 25-30-ға түсіп, қайта жоғарылайды.  Аз мөлшерде жаңбыр жауып, кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Айна ҚАЗҒҰЛОВА, «Қазгидромет» РМК АОФ бөлім басшысы

-Маусым айында ауаның орташа айлық температурасы 25-27С, яғни бұл нормадан 2С жоғары болып саналады. Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бөлігінде норма шамасында, қиыр батысында нормадан көп күтіледі. Бірінші және үшінші онкүндіктердің басында және аяғында, екінші онкүндіктің екінші жартысында кей жерлерде жаңбыр, найзағай болжанады, аусып соғатын жел жылдамдығы 15-20м/с күшеюі күтілуде.

Оқи отырыңыз...

МАҢҒЫСТАУДА КЕЙ МЕКТЕПТЕР ОНЛАЙН ОҚУҒА КӨШТІ

«ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» СЛЕТІНЕ 100 ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

НҰРАЙДЫҢ ӨЛІМІ: КҮДІКТІ МӘЖБҮРЛІ ТҮРДЕ ЕМДЕУГЕ ЖІБЕРІЛДІ