Жаңалықтар

ХЛОРДАН УЛАНҒАН?.. (видео)

Атырау, Caspian Nеws.

Атырауға іссапармен келген ҚР Парламенті сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Жайықтағы жағдайға байланысты жиын өткізді. Өкінішке қарай, бұл жиынның да айтарлықтай жаңалығы болмады. ҚР Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, балықтардың жаппай қырылу дерегіне байланысты тергеу жұмыстары қылмыстық кодекстің «аса ірі шығын келтірумен ұштасқан бөтеннің мүлкін бүлдіру немесе жою және «қоршаған ортаға аса ірі залал келтірумен ұштасқан жер беті суларын ластау» баптары бойынша әлі жүріп жатыр. Осы тергеу жұмыстары барысында Алматы қаласындағы сот сараптама орталығында жасалған алғашқы экологиялық сараптама дайын дейді ІІМ-нің тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *