Жаңалықтар

ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (видео)

Атырау, Caspian News.

Атырау облысының прокуроры лауазымына осы уақытқа дейін Қызылорда облысының прокуроры болған Халидулла Дәуешов тағайындалды. Халидулла Дәуешов 1964 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы Гурьев облысы, Гурьев қаласының прокуратурасында машықтанушы болып бастап, Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, бөлім бастығы сияқты қызметтерді атқарды. Сондай-ақ, Атырау облысы прокуратурасында жалпы қадағалау бөлімінің бастығы, ҚР бас прокуратурасы департаментінің аға прокуроры қызметін атқарды. 2002-2016 жылдары Атырау облысының Жылыой, Мақат аудандарында, сондай-ақ, Атырау қаласының прокуроры болып, кейін, Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып жұмыс жасады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *