Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Тұрғын үйге барып соғылған Toyota көлігінің жүргізушісіне қатысты сот шешімі шықты (видео)

26 қаңтар күні тұрғын үйге барып соғылған Toyota көлігінің жүргізушісіне қатысты сот шешімі шықты. Бірақ, 19 жастағы жүргізуші бұл оқиғаға өзін емес, артында келе жатқан көліктің рулінде болған қызды кінәлап отыр.

https://youtu.be/G4V3b-FWu1c?t=402

Ал, көлік кіріп кеткен үй сол қалпында тұр. Амановтар отбасы қонуға жақын-жуықтарына барады, кейде өз үйлерінде жылытқышпен отыруға мәжбүр. Үй иелерінің айтуынша, оқиғадан кейін Тойотаның иесі құлаған қабырғаның орнын пленкамен жауып беріпті. Және жұмысшыларды әкеліп, қалған жұмысты жасауға уәде еткен. Бірақ, ойынан айнып қалған көрінеді.

Ал, үйдің шарбағына келіп соққан көлік жүргізушісі – қыз бала көпке созбай, оны жөндеп беріпті. Сондықтан, оған қояр еш талабым жоқ, — дейді Әйтен Аманов. Айтпақшы, тәуелсіз сарапшылар үйдің шығынын 1 миллион 600 000 теңгеге бағалапты. Бірақ, олар бүлінген дүние-мүлікті есептемеген. Енді Амановтар отбасы материалдық шығынды өндіру үшін тағы да сотқа арыз түсірмек.

Арзу КАРАШ, Нурлан КАНАТОВ Caspian news

Оқи отырыңыз...

АҚТАУДА НАЗАРБАЕВ РЕЗИДЕНЦИЯСЫНЫҢ ОРНЫНА СТАДИОН МЕН МЕШІТ САЛЫНАДЫ

ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ САТҚАН

Жаңа басшы тағайындалды (видео)