Жаңалықтар

ТІЛШІЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

ҚР Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар Департаменті жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР Қарулы күштерінің іс-шараларына ұдайы ақпараттық қолдау көрсететін журналистер алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтсақ, олардың қатарында «Хабар» агенттігінің Атыраудағы тілшілер қосынының жетекшісі Бекен Әлирахым және меншікті тілшісі Виктор Сутягин, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Рахим Қойлыбаев, әріптесіміз — «Каспиан ньюс» телеарнасының редакторы Дана Темірғалиева, облыстық «Атырау» телеарнасының шеф-редакторы Ләззат Өтепова, «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Майра Оразғалиева, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Марта Жұмағалиева бар. Сонымен қатар, жиын барысында министрлік өкілдері биыл БАҚ өкілдерінің арасында өткізілетін «Әскер медиа» фестивалі туралы да айтып өтті.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *