Жаңалықтар

ТШО-дағы ӨЗГЕРІС

«Теңізшевройл» компаниясының бас директоры болып Имер Боннер сайланды. Ол 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өндіріс бойынша бас менеджері қызметін атқарған еді.

Ал, осы уақытқа дейін ТШО-ның бас директоры қызметін атқарған Тед Этчисон құрметті демалысқа шығуына байланысты жұмыстан кетті.

Айта кетейік, Имер Боннер ханым атыраулықтарға жақсы таныс. Ол 2017-ші жылдың мамыр айында «Теңізшевройл» ЖШС-нің «кешенді технологиялық желі» зауытында орын алған апатқа байланысты баспасөз конференциясы кезінде, оның жергілікті халық үшін ешқандай да қауіпсіз екендігін айтып, айды аспанға бір шығарған еді. Бірақ, экологтар осы апаттың салдарынан ауаға меркаптан мен күкіртті сутегінің өте көп мөлшерде тарағанын анықтап, Теңізшевройлға 177 миллион теңге көлемінде айыппұл салған еді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *