Басты ақпаратЖаңалықтар

Оқушыларды таяқпен ұрған мұғалім жұмыстан кетті

Маңғыстауда оқушылардың қолынан таяқпен ұрған мұғалім өз еркімен жұмысынан кетті. Бұл жағдай Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектептердің бірінде жуықта болды. Бейнежазбадан ұстаздың бастауыш сынып оқушыларын орнынан тұрғызып қойып, кезек-кезек қолдарынан соққанын байқауға болады.

Жас маман оқушыларды осылайша тәртіпке салмақ болса керек. Ал оқиғаны әлеуметтік желіден көрген балалардың ата-аналары іле-шала шу шығарып, мұндай маманның жұмыстан кетуін талап еткен көрінеді.

Мектеп басшылығы қызметкерінің әрекетіне қатысты жұмған аузын ашпады. Педагогке жат қылық көрсеткен мұғалім істегенінен ұялса керек жұмыстан өз еркімен шығып кетіпті.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *