Жаңалықтар

МӘДЕНИЕТІ ТӨМЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Мемлекеттік қызметшілердің мәдениеттілігі төмен боп тұр. Олар жыл басынан бері жолда жүру ережелерін жиі бұзып, халыққа қызмет көрсету кезінде дөрекелікке жол берген. Бұл мәліметтер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бірігіп ұйымдастырған жиында айтылды. Нақтырақ айтқанда, биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызмет саласында 450-ге жуық заң бұзушылық анықталған. Оларға заң бұзушылықты жою туралы 28 ұсыныс беріліп, 30 шақты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

Динара КҰРЫМБАЕВА, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы:

— Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер әскерлік жне әдептілік нормаларын қатаң сақтауға және жеке тұлғалармен қарым-қатынас кезінде сыпайылықты және ұқыптылықты танытуға, дөрекілік көрсетпеуге сыпайылық таныту көзделген. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілерге әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жүргізілгенімен, әлі де болса бұл құқық бұзушылықтарға жол берілуде.

 

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *