Жаңалықтар

ОТ ШЫҒАРАР ОЙЫН

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыратындар азаймай отыр. Жыл басынан бері Атырау аймағында ойын автоматтарының жұмысын жолға қойған 11 адамға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, олардың тоғызы сотқа жеткен. Автомат иелерінен 200-ге жуық ойын терминалы мен теледидар, 30 жүйелік блок, бинго аппараттары және төрт жарым миллионнан астам теңге тәркіленген. Мамандардың айтуынша, олардың барлығы сот шешіміне сәйкес, мемлекет пайдасына түседі.

Қаhарман ЖӘРДЕМОВ, Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

— Қазіргі уақытта нарықтық жағдайға байланысты, ойын бизнесінен жақсы пайда табу мүмкіншілігі бар болуына байланысты көп жерлерде ойын бизнесін ұйымдастырып, букмекерлік ойынханалар немесе терминалдар орналастырылады. Көбіне ойнаушы ұтысқа ие бола бермейді, ұтылады. Сол мақсатта көптеген адамның әлеуметтік жағдайына әсер етіп жатыр. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп, БАҚ арқылы мақалалар да беріліп жатыр. Сот шешімдерін де халыққа таныстырып, таратудамыз.

Егер жоғарыда айтылған деректерге байланысты мәліметтер болса, Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің 35-42-10 және 31-60-59 нөмірлі телефондарына хабарласуға болады.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *