Жаңалықтар

МИНИСТР МІН ТАҚТЫ

Атырауға екі күндік іссапар кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Махамбет ауданындағы орталық ауруханаға арнайы барды. Еліміздің бас дәрігерінің мұндағы басты мақсаты – аурухананың тыныс-тіршілігімен танысу болатын. Бірақ, көзімен көргеніне Елжан Біртановтің көңілі тола қоймады. Себебі, пайдалануға берілгеніне көп уақыт өте қоймаған нысанның іші халыққа ең қажетті деген аппараттармен жабдықталмаған болып шықты.

Сондай-ақ, ауруханада еш пайдаланылмастан шаң басып тұрған аппараттар да жетерлік екен. Олардың не себепті алынғаны да белгісіз. Ал, халыққа қажет деген медициналық жабдықтардың көпшілігінің тілін мұндағы мамандар түсінбейтін көрінеді. Сондықтан, министр орталық ауруханадағы халықпен тығыз жұмыс жасайтын 50-ден астам маманның замануи қондырғылармен жұмыс жасай білуін талап етті.

 Елжан БІРТАНОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

— Медициналық қызметтің сапасы стандартқа сай болу керек. Көмек стандартқа сай болуы тиіс. Стандарт деген не мысалы: жедел жағдайда реанимация қажет болса, арнайы апаратура болуы тиіс. Біріншіден мамандар болуы керек. Олардың білімі болу керек.

Одан әрі денсаулық сақтау министрі ауылға келген жас мамандармен жеке-жеке пікір алмасып шықты. Олардың әлеуметтік жағдайына қызығушылық танытып, жергілікті басшылық тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер туралы білді. Аудандық ауруханадан кейін министр облыстық туберкулезге қарсы диспансерлік орталық пен және облыстық аурухананы аралап, олардың да жай-күйімен танысты.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *