Жаңалықтар

ОРЫНБАСАРЛЫҚҚА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметті енді осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары болған Нұрлан Таубаев атқармақ. Ол тұрғын үй-коммуналдық-шаруашылық және құрылыс саласына жетекшілік ететін болады.

Нұрлан Таубаев 42 жаста. Еңбек жолын 90-шы жылдары кәсіпкер ретінде бастаған. Кейін қалалық әкімдіктегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы болды. Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне де басшылық етті.

Айта кетейік, 2017-ші жылдың наурыз айынан бері Атырау облысы әкімінің орынсабасары қызметін атқарған Жасұлан СҮЙІНШӘЛИЕВ өз қалауы бойынша жұмыстан босатылды.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *