Жаңалықтар

Облыс әкімінің экс-орынбасары Нұрсауле Сайлауоваға қатысты сот үкімі шықты

Атырау, Caspian News. Облыс әкімінің экс-орынбасары Нұрсауле Сайлауова мен облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев, орынбасары Роза Қабдолова және тағы да 5 айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты.

Нұрсауле Сайлауова 2 жылға бас бостандығынан айырылса, ал Қайырғали Кенжеғалиевтің бас бостандығы 2 жылға шектелді. Өз кінәсін толық мойындап, жазасын жеңілдетуді сұраған Роза Қабдолова 4 жылға сотталды. Сонымен қатар, сотталушылардың барлығы да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасай алмайды.

Сотталушылар мемлекетке жалпы көлемі 110 млн. теңгеден астам зиян келтірген. Оның 50 миллион теңгеге жуығы қазынаға қайтарылыпты. Айта кетейік, сотталушылар «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу, лауазымдық қызметін асыра пайдалану, қорқыту жолымен пара алу сынды баптармен айыпталған болатын.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *