Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Ыстамбұлдағы ұшақ апатынан екі қазақстандық зардап шекті

Ыстамбұлдағы ұшақ апатынан екі қазақстандық зардап шекті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығының мәліметінше, 2020 жылы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 18:00-де Ыстамбұл әуежайында ұшақ апатынан Қазақстанның екі азаматы зардап шеккен. Олар Фатих Сұлтан Мехмет клиникасына жатқызылды.

«Бас консулдық жағдайды бақылауға алды және отандастарымызға қажет көмекті көрсету үшін шаралар қабылдап жатыр», — делінген ресми хабарламада. 

Ыстамбұлда апатқа ұшырау алдында қонған ұшақтың видеосы пайда болды

Еске салайық, Измир — Ыстамбұл рейсін орындаған ұшақ үшке бөлініп қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тауып, 179-ы жарақат алған. 

Ыстамбұл губернаторы Али Ерикайяның айтуынша, бортта 183 адам болған: 177 жолаушы, оның ішінде екі бала, экипаждың алты мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша, апат себебі — қолайсыз ауа райы.

Оқи отырыңыз...

ГЕНЕРАЛЬНАЯ АССАМБЛЕЯ УНИВЕРСИТЕТОВ И НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИХ ЦЕНТРОВ ПРИКАСПИЙСКИХ СТРАН СОСТОЯЛАСЬ В АТЫРАУ

БЫЛТЫР ОБЛЫСТА ЕСІРТКІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН 60 АДАМ СОТТАЛДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КЕМІРГІШТЕРДІ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР