Жаңалықтар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ ҚОҚЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛУЫ МҮМКІН

Өйткені, қала ішінде рұқсат етілмеген жерлерге тасталған қалдық толы алаңдар көбейіп келеді.

Бұл коммуналдық қызметкерлердің ғана емес, тазалыққа бей-жай қарай алмайтын тұрғындардың өздерін де алаңдатып отырғанға ұқсайды.

Әлібек НАУАРОВ, Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы


— Қазіргі таңда тиісті шаралар алынып, тиісті органдарға хат жіберіліп жатыр. Жалпы, қаладағы стихиялық орындар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ал, «Арнаулы автобаза» ЖШС тіпті арнайы жұмыс тобын құрып, бірнеше техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 200 тоннадай күл-қоқыс қала сыртына шығарылыпты.

Айта кетейік, қалдықтарды қала ішіне тастай салатындардың қатарында жеке кәсіпкерлер де бар. Олар заңға сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20-дан 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

Жайдарлым Қайреден

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *