Атырауда келесі жылы 20 мектеп салынбақ. Оның бесеуінің құрылысы Ракуш пен Дамбы ауылдарында және Береке, Нұрсая, Жұлдыз-1 ықшам аудандарында басталып кеткен. Осылайша қазір бала санының көптігіне байланысты үш ауысымда жұмыс істеп тұрған мектептер мәселесі шешіледі, — дейді баспасөз конференциясын өткізген қалалық білім бөлімінің басшылығы. Одан өзге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 8 білім ордасын салу да жоспарда тұрған көрінеді. Жақсы жаңалық пен жоспардан өзге, білім саласында шешімін таппай келе жатқан мәселелер де жетерлік. Солардың бірі – ұстаздардың жетіспеушілігі. Қазір қаладағы мектептерге түрлі пәндерден сабақ беретін 305 мұғалім керек. Білім бөліміндегілер мұны шешу жолында қандай жұмыстардың жасалып жатқандығы туралы жөнді жауап бермей, қолда барға қанағат етіп отырғандықтарын айтып құтылды.
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0