Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

БҰЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Алдағы бір айдың ішінде қаланың ескі бөлігіндегі үйлерді бұзу жұмыстары басталады. Жергілікті әкімдіктің ақпараты бойынша, 18 гектар жеріді алып жатқан 270-ке жуық нысан күреліп тасталатын көрінеді. Қазіргі кезде 223 нысанға тәуелсіз бағалау жұмыстары жүргізіліп, олар 6 миллиард теңгеге бағаланған.

Ал, бағалау жұмыстарына келіспеген 38 үйдің иесі заң талаптарына сәйкес, сотқа берілген көрінеді. Жалпы Атырау қаласын дамытудың бас жоспарына сәйкес, қала халқының саны 2030-шы жылға қарай, 350 000-ға жуықтап, ал, көлемі 46 000 гектар болады деп жоспарланып отыр.

 

 

Оқи отырыңыз...

Аспанның қызыл түске боялған себебі белгілі болды

Тұрғын үйге барып соғылған Toyota көлігінің жүргізушісіне қатысты сот шешімі шықты (видео)

Атырауда полицейлер кәсіпкерден 2 млн теңге ақша бопсалаған блогерді ұстады