Әлемде болып жатқан түрлі жағдай көлік-логистика потенциалын дамыта түсуді қажет етіп отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында транзиттік бағыттардың жұмысын әлі де жандандыру туралы айтты. Мысалы Маңғыстау облысындағы Құрық порты арқылы Парсы шығанағындағы елдермен байланыс орнатуға толық мүмкіндік бар.
