Басты ақпарат

Маңғыстауда Атырау облысындағы су тасқынынан кейін жедел желі қосылды

Бейнеу ауданында  Құлсары қаласындағы су тасқынынан кейін жедел іске қосылғаны хабарланды.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, тәулік бойы Call center тұрақты жұмыс істейді. Тұрғындарға төтенше мәселе бойынша 87078150190, 87021200603, 87292 2-20-41 нөмірімен байланысуға болады.

Бүгін Атырау облысындағы Құлсары қаласына тасқын су жетіп, тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшіріле бастағаны айтылды. Сондай-ақ, Құлсары магистральды кабеліне зақым келген жағдайда Маңғыстауда байланыс үзілуі мүмкін деген деректі Маңғыстау облыстық «Қазақтелеком» АҚ филиалының директоры Дархан Хұсынов жоққа шығарды.

«Маңғыстау облысына келетін магистральдық желі жерасты кабелімен тартылған. Атырау облысындағы су басқан аймақтарда магистральдық желінің зақымдану ықтималдығы жоқ. Тиісті мамандар бұл желінің жұмысын жіті бақылауда ұстап отыр. Сондықтан жоғарыда көрсетілген ақпарат жалған. Байланыс желілерінде ақау болған жағдайда ресми ақпаратпен жеткізіледі және уақытылы жөндеу қамтамасыз етіледі», — деді Дархан Хұсынов.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *