Жаңалықтар

ҚҰЛСАРЫЛЫҚТАР МАҢҒЫСТАУ ХАЛҚЫНА АЛҒЫС ЖАУДЫРЫП ЖАТЫР

Су тасқынынан зардап шегіп, жақын маңдағы қауіпсіз елдімекендерге уақытша қоныс аударған құлсарылықтар өздерін қабылдап, жылы қабақ танытқан Маңғыстау халқына алғыс жаудырды. Маңғыстау облысына Атырау өңірінен 20 мыңға жуық адам келді. Олардың басым бөлігі Жылыой ауданымен шекаралас Бейнеу ауданы мен Боранқұл ауылына жеткізілді. Және Ақтау қаласындағы жоғары оқу орны мен колледж жатақханаларына, мектептерге және облыстық мешіт жанындағы медресе жатақханасына орналасқандар да бар. Олар күнделікті азық-түлік, керек-жарақпен қамтамасыз етілуде. Құлсарылықтарға оқу орындарының директорларынан бастап, оқытушы-мұғалімдер, асхана қызметкерлері қолдан келгенше жағдщай жасап жатыр.
ТОЛЫҒЫРАҚ БЕЙНЕМАТЕРИАЛДА

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *