Жаңалықтар

КРЕЩЕНИЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Биыл тұрғындар «Крещение» мейрамында қаладағы арнайы қарастырылған үш жерде шомыла алады. Олар Тұрғындар қалашығы, Мечников-Баймұханов көпірінің тұсы және Әйтеке би көшесі бойындағы «Орал» мейрамханасының маңы. Тереңдігі бір жарым метрге жуықтайтын ойықтар қоршалып, келушілердің түсіп-шығуына ыңғайлы болуы үшін сатылар орнатылатын болады. Сондай-ақ, 40-тан аса құтқарушы күшейтілген тәртіпте кезекшілік етпек. Одан өзге 70-тен аса сүңгуірлік жинақ, құтқару кеудешелері мен шеңберлер, автокөлік пен құтқару тақтайшасын жасақтау жоспарланып отыр екен. Мамандардың айтуынша, өткен жылы мереке кезінде облыс бойынша 2000-нан астам тұрғын суға шомылған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *