Жаңалықтар

КЕДЕРГІЛЕРМЕН КҮРЕС

Қалалық әкімдік жеке сектордағы және көпқабатты үй аулаларына тұрғындардың өздері қойған жасанды жол кедергілерін алып тастауға арналған рейдтік шараны бастады. Өйткені, соңғы кездері талапқа сәйкес келмейтін мұндай тосқауылдар қаптап кеткен. Ал, бұл арнайы қызмет көліктері мен жүргізушілердің емін-еркін қозғалуларына кері әсер етіп отырған көрінеді.

Жергілікті басшылықтың бастамасына тұрғындар қарсы. Себебі, аулаларда, кейбір көшелерде кедергілер жоқ. Бұл өз кезегінде балалардың алаңсыз ойнауына, жүріп-тұруларына қауіп тудырып отыр. Тіпті, бірнеше рет қайғылы жағдай да орын алған.

Дегенмен, наразылыққа қарамастан рейд Азаттық даңғылы мен Әуезов, Махамбет көшелерінде және өзге де бірнеше мекен-жай бойынша жүргізілді. Жалпы, бас-аяғы бірер сағаттың ішінде 15 жердегі заңсыз қойылған шлагбаумдар мен қоршаулар, кедергілер алынып тасталды.

Ал, қалалықтар заңсыз кедергілерді қайтадан орналастыратын болса, әкімшілік жауапкершікке тартылатын болады, — дейді шенеуніктер.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *