Енді кедендік тексерістен кез-келген емес, тәуекелі жоғары тауарлар ғана өткізіледі. Бұл туралы cntv.kz тілшісі хабарлайды.
Сонымен қатар, бақылау олардың шыққан немесе жөнелтілген еліне және атауына байланысты жүргізілетін болады. Бұл жөнінде Атырау облыстық Мемлекеттік кірісітер департаментінің мамандары өткізген кезекті «Мөлдір кеден» акциясы аясында айтылды.
Бұдан былай кедендік бақылау кезінде техникалық құралдар мейілінше көп қолданылмақ. Қазіргі уақытта Атырау облысында 22 кедендік уақытша сақтау қоймасы заңды тіркелген. Олардың барлығынан кедендік тексерісті бастан-аяқ бейнебақылауға жазу талап етіліп отыр.
Айта кетейік, өкен жылдың қорытындысы бойынша өңірде кедендік тексеру барысында 21 құқық бұзушылық тіркелсе, ағымдағы жылдың алғашқы екі айында тауарларды дұрыс рәсімдемеген төрт нысан анықталып, жауапқа тартылды. Анықталған құқық бұзушылықтар көбінде тауардың сипаттамасын, санын, салмағын дұрыс көрсетпеумен байланысты болады,- дейді департаменттегілер.