Жаңалықтар

Каспий жағалауына жүздеген шаян шығып қалды

Ақтауда Әскери жағажайдың аумағында жүздеген шаян жағаға шығып қалды, — деп хабарлайды inAktau.kz.

Бұл 2018 жылы 11 наурызда таңертең болды. Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Әдізал Шихметовтың айтуынша, бұл дауыл соғуына байланысты құбылыс екен.

Жергілікті тұрғындар дереу шаяндарды жинап алды.  Әдізал Шихметов көктем келуі және дауыл соғуына байланысты осындай құбылыс болуын түсіндірді.

«Көктем келді, қыстан кейін шаяндар әлсіреді, сондықтан дауылды ауа райының салдарынан оларды жағаға лақтырды. Бұл қалыпты құбылыс, олар өздері суға кетеді», — деді балық шаруашылығы бөлімінің басшысы. Ол сондай-ақ, 2019 жылғы 1 сәуірден 15 маусымға дейінгі кезеңде облыста шаяндарды аулауға тыйым салынғанын еске салды. Тәртіп бұзушыларға ҚР Әкімшілік Кодексінің 383-бабының 3-бөлігі бойынша (балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) 50 500 теңгеге (20 АЕК) дейін айыппұл салынады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *