Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖҰМЫРТҚАДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙМІЗ

Ресейде былтыр күзде тауық жұмыртқасының тапшылығы мәселесі туындады. Қазір солтүстіктегі көршіміз Беларусь, Түркия, Әзірбайжан мен Қытай жұмыртқа тасып отыр. Бірақ бұдан шешіле қойған мәселе жоқ. Сондықтан Ресей бұл өнімді бізден де сұрап отыр. Ал тауық жұмыртқасы өткен жылы өзімізде де қымбаттады және жаңа жылдан кейін де бағасы өсе түспесе арзандаған жоқ.

Дегенмен, көрші ақысы құдай ақысы деген тәмсілді біздің қазақ билігі де ұстанатын болса керек, орыстардың көңілін жықпады. Биліктегілердің айтуынша, Қазақстанда тапшылық болмайды. Және мұны еліміздегі құс өндірушілер одағының өкілдері де растап отыр.

Жақсы делік. Бірақ көршілердің көңілін табамыз деп жүргенде баға одан әрі өспей ме деген заңды сұрақтың туындайтыны анық. Руслан Шариповтың сөзінше, бұл жерде жергілікті әкімдік қолда барды ұқсата алмай отыр. Өйткені, өзіндегі құс фабрикасы жұмысының жандануына мүдделі болмаса, сырттан әкелінетін өнім бағасының қымбат болатындығы – наарық заңы, — дейді ол.

Қысқасы жұмыртқа өндіруші кәсіпкерлерге үлкен қолдау керек. Мысалы балапаннан бастап, жем, витамин, вакцина, тіпті қажетті аппарат алыс-жақын шетелден әкелінеді. Оның үстіне соңғы жылдары әр жұмыртқаға бөлінетін субсидия алынып тасталды. Мұның бәрі өзі санаулы құс фабрикаларының жұмысын тұралатты. Ресми статистика жыл сайын  елімізде 5 млрд дана тауық жұмыртқасы өндірілетіндігін айтады. Бұл — отандық құс фабрикалары ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр деген сөз. Ал былтыр Қазақстан Ресейге, Ауғанстанға, Қырғызстанға шамамен 186,5 млн дана тауық жұмыртқасын экспорттаған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *