Жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІГІ ЖАНЫП КЕТТІ (видео)

Атырау, Caspian News. Жүк көлігі түгі қалмастан жанып кетті.

Оқиға таңертең Атырау-Доссор тас жолының бойында, Таскескен ауылының тұсында болды. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бойлер алып келе жатқан көлік Тәжікстан Республикасында тіркелген. Абырой болғанда, тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал, оны сөндіруге Қарабатандағы зауытта орналасқан өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылыпты. Қазір жүк көлігінің өртенуіне не себеп болғандығы анықталып жатыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *