Жаңалықтар

АҚПАРАТ ҮШІН АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ АЛЫҢЫЗ

Атырау, Caspian News. Өткен жылы 30-дан астам атыраулық 4 миллион 600 мың теңге көлемінде сыйақы алған: жұмыс істеп емес, жемқорлық деректері туралы тиісті орынға хабарлағандары үшін.

Ал, жыл басынан бері ұлттық бюро қызметкерлеріне әзірге бір адам ғана хабарласыпты. Ол орташа дәрежедегі қылмыстық іс туралы айтып, еңбегіне 185 мың теңге алған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің АОД басқарма басшысы Жәнібек Қаражанов мәлімдеді. Қаражановтың айтуынша, пара алу жағынан тәртіпті қамтамасыз етеді делінген полиция қызметкерлері көш бастап тұр.

Сыйақы қылмыстың ауырлығына байланысты күдіктіге қатысты сот үкімі шыққан соң ғана табысталады. Ал, жемқорлық дерегі туралы ақпаратыңызбен бөліскіңіз келсе 1424 нөміріне қоңырау шалуға болады. Ол үшін 10 млн 604 мың теңгеге шейін сыйақы беріледі.

Жайдарлым Қайреден

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *