Жаңалықтар

ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН ЖҰҚҚАН

1-желтоқсан — дүниежүзілік жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес күні. Биыл Атырау облысы бойынша 29 адам аталмыш дертті жыныстық қатынас арқылы жұқтырыпты. Олардың алпыс пайыздан астамы ер адам, жас шамалары 20 пен 49 аралығында. Мамандардың айтуынша, олардың саны өкінішке қарай, өсіп келеді. АИТВ-ның алғашқы белгілері тұмауға ұқсайтындықтан, ешкім аса мән бермейтін көрінеді. Алайда, уақыт өте келе ол белгілермен бірге иммунитет мүлдем жоғалады. Сондықтан, уақытылы қан тапсырып, тексеріліп тұрған дұрыс, — дейді дәрігерлер. Соңғы 15 жылда өңірде АИТВ инфекциясын жұқтырған 301 адамның 35-і жан тапсырған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *