Жаңалықтар

ЖЕР БЕРІЛЕДІ

Жер учаскелері беріледі. Бірақ, әзірге тұрғын үй құрылысын салу үшін 2004-ші жылға дейін өтініш бергендерге ғана. Олар биылғы жылдың соңына дейін көптен күткен жер телімдеріне қол жеткізеді. Ал, келесі жылдан бастап 2005-2007-ші жылғы арыз иелерінің өтініштері қанағаттандырылмақ. Мұндай мәлімет қалалық жер қатынастары бөлімі өткізген баспасөз конференциясында айтылды. Жалпы осы уақытқа дейін атыраулықтардан жер алу жөнінде 86 мыңға жуық өтініш келіп түсіпті. Тиісті мамандардың айтуынша, қазіргі кезде қала маңынан 45 000 гектарға жуық жер телімі қарастырылып қойыпты. Айта кету керек, жерді мақсатты пайдалану мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, тұрғындарға қолайлы болу үшін аталған бөлім де сандық жүйеге көшіп жатыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *