ЖАНДЫ ДАУЫСТАҒЫ БАЙҚАУ

Атырауда вокалды-аспапты ансамбльдердің қалалық байқауы өтті. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен кешке 9 музыкалық топ қатысты. Олардың әрқайсысы жергілікті сазгерлердің шығармаларынан, ретро әндерді және өздері қалаған әндердің бірін орындады. Жанды дауыста ән айтқан өнерпаздарды бағаалуға сазгер Болат Қохаманов, әнші Ақмарал Машимова, Рахат Сагенов, Макс Үлкенбаев секілді өнер майталмандары қазылық етті. Жиналған көрерменге рухани ләззат сыйлаған байқау қортындысы бойынша 1-ші орынды «Арбат-13», 2-ші орынды «Қызғалдақ», ал 3-ші орынды «Динамика» вокалды-аспапты ансамблдері жеңіп алды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *